USD
USD
USD

Президент бүгін Ресейге жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқана жұмыс сапарымен Ресейге барады.

Президент бүгін Ресейге жұмыс сапарымен барады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 мамыр күндері Ресейге жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.

«Президент Тверь облысындағы Ржев мемориалына барып, 100-ші және 101-ші атқыштар дивизияларының құрамында шайқасып, қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етеді. Ржев шайқасы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ең ірі ұрыстардың бірі саналады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Трубино деревнясындағы бауырластар зиратына барады. Онда Президенттің әкесінің ағасы Қасым Болтаев та жерленген.

Ржев түбіндегі шайқасқа Қазақстаннан 22 мыңға жуық сарбаз бен офицер қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамыр күні Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысады. Бұл шараға Ресей тарапы ТМД-ға мүше елдердің басшыларын шақырған», - деп жазылған Facebook-тегі мәліметте.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Қандай да бір тілге қарсы күресу – Жаратқанға қарсы шығумен тең

Қасым-Жомарт Тоқаев

Алматыда түнде ҚазҰУ кешеніндегі Студенттер сарайының төбесі опырылып түсті

Төбесі опырылып түскен студенттер сарайы

Қылғындырып, ішінен тепкен: жүкті әйелін қинағаны үшін сотталған ер адам жазасын жеңілдетуді сұраған

Жүктілік

Шекарада жүргізушілерден ақша бопсалаған: Жамбыл облысында қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті