USD
USD
USD

Президент боксшы қыздарды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өткен бокстан Азия чемпионатында жүлдегер атанған боксшы аруларымызды құттықтады.

Президент боксшы қыздарды құттықтады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фэйсбук парақшасында жариялады.

«Құрлықтың ең мықты спортшылары жиналған байрақты бәйгеде Қазақстанның қыздар құрамасы ел мерейін асқақтатты. Олар қоржынымызға 10 жүлде, соның ішінде 8 алтын медаль салды. Осы тарихи жеңістеріңізді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына жасалған тамаша тарту деп санаймын», – делінген құттықтауда.

Президент боксшы қыздарымыздың алдағы сайыстарда да биік тұғырдан көріне беретініне сенім артып, толағай табыс тіледі.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді: Тоқаев ауқымды құрылыс жоспарын жариялады

Қазақстан Халқына Жолдау

«Битумды сылтауратпаңдар»: Тоқаев жол сапасын қатаң сынға алды

жол

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялауға кірісті

вице-президент

Павлодар облысында Алтын Орда дәуірінен қалған көне темір өндірісі анықталды

Баянауыл аударнындағы археологиялық іздер