USD
USD
USD

Президент Бердібек Сапарбаевты қабылдады

Мемлекет басшысына өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар туралы, Президенттің бастамалары мен саяси реформаларын халықтың кеңінен талқылап жатқаны туралы мәлімет берілді.

Президент Бердібек Сапарбаевты қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бердібек Сапарбаев өзі қызмет атқарған Жамбыл облысында орындалып жатқан Президент тапсырмаларының нәтижелерін кеңінен баяндады. Атап айтқанда, азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға, қоғамның ынтымағы мен бірлігін нығайтуға бағытталған «Асар», «Туған жерге тағзым», «Жомарт түлек» және «Бейбітшілік пен келісім» атты жобалар жайлы айтылды.

Сонымен қатар Жамбыл өңірінде жүзеге асырылған пилоттық жоба туралы мәлімет берілді. Бұл бастамалар әрбір отбасының өзін-өзі асырауына жағдай жасауға негізделген.

Бердібек Сапарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа қуаңшылық жағдайында ауыл шаруашылығын әлсіретіп алмай, одан әрі дамыту жөнінде, сондай-ақ жергілікті билік пен ата-аналардың бірлесе отырып, балаларды еңбекке баулу ісін қолға алу туралы ұсыныстарын айтты. Кездесу барысында жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу мәселесі де талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Майқайынсыз «Алтыналмас». Владимир Ким НЕГЕ өзінің сүйікті схемасын қайталады?

Алтын

ІІМ шетелдік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты проблемалар бар екенін мойындады

шетелдік нөмір

Шахматшы Бибісара Асаубаева ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Бибісара Асаубаева

Алматыны дамыту мәселесі Президент деңгейінде қарастырылуы тиіс – саясаттанушы

Алматы