USD
USD
USD

Президент баспасөз қызметінің басшысы ұсталды

Мемлекеттік қызметке орналастыру үшін тұлғадан пара бопсалағаны үшін Қырғызстан республикасы Президенті аппаратының ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі Нұрғазы Анарқұлов ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігі.

Президент баспасөз қызметінің басшысы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен хабарлағандай, Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің басшысы қызметтік өкілдігін теріс пайдаланып, жеке материалдық баю мақсатын көздеп, мемлекеттік басқарушы қызметтердің біріне үміткер тұлғадан аса ірі көлемдегі ақшалай қаражатты бопсалаған.

Аталған факті бойынша МҰҚК Бас тергеу басқармасы Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 326-бабымен (пара алуға бопсалау) қарастырылған қылмысбелгілері бойынша сот алдындағы тергеу амалдарын бастады.

«2021 жылдың 30 қаңтарында өткізіліп жатқан жедел-тергеу іс-шараларының аясында азамат А.Н.С. ұсталып, ҚР МҰҚК Бас тергеу басқармасына жеткізілді», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Қазгидромет» Ташкент ауасының ластануына Қазақстанның қатысы бар деген айыптауды теріске шығарды

Ташкент

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы қаржысын журналистер, депутаттар мен күштік құрылым өкілдері бақылайды

Құрылыс

Атырауда мұнай компаниясына 3 млрд теңгеден астам айыппұл салды

мұнай компаниясы

Қазақстанда тағы үш микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

Банкир