USD
USD
USD

Президент Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

«

Президент Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
Фото: NEGE.kz

Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылық пен құқық қорғау саласының ахуалы, прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы баяндалды», – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Президентке қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшудің бірінші кезеңін іске асыру нәтижелері туралы ақпарат берілді.

Ғизат Нұрдәулетовтің айтуынша, сотқа дейінгі тергеу органдары прокурорлармен негізгі шешімдерін келісудің арқасында азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу 33 пайызға азайған.

Мемлекет басшысына кәсіпкерлерді мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау, прокурорлық қадағалауды бизнестің проблемаларын тиімді шешуге қайта бағдарлау бойынша берілген  тапсырмаларды орындау жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды. Бас прокурордың сөзінше, жыл басынан бері 22 мың кәсіпкердің құқығы қорғалған, 357 заңсыз тексеру мен мемлекеттік органдардың 56 актісі жойылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның барлық саласында заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, Ғизат Нұрдәулетовке бірқатар тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай