USD
USD
USD

Президент ауыл әкімдерінің сайлауы туралы: Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді

25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді.

Президент ауыл әкімдерінің сайлауы туралы: Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жазды.

«25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді. Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді. Сайлаушыларды белсенді дауыс беруге шақырамын. Халықтың мүддесі үшін барлық қажетті өзгерістерді жүзеге асыру керек», - деп жазды Тоқаев. Еске салсақ, 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын. Ұлттық экономика министрлігі ауыл әкімерін тікелей сайлау қалай өтетіндігін және ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин әкім сайлауына түсетін кандидаттарға қойылатын талаптардың себебін түсіндірді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Алғашқы лекпен ауыл әкімін сайлайтын елді мекендердің толық тізімін мына сілтемеден көруге болады.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала