USD
USD
USD

Президент әскерилердің білім деңгейі мен біліктілігін арттыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің білім деңгейін көтеріп, біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырды, деп хабарлады Ақорда.

Президент әскерилердің білім деңгейі мен біліктілігін арттыруды тапсырды
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысына Қазақстан армиясының штаттық құрылымын оңтайландыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар, қару-жарақтарды, әскери техника мен оқ-дәрілерді инвентаризациялау және тексеру, коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес, сондай-ақ, жүзеге асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндалды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына қазіргі уақыттағы сын-қатерлерді ескере отырып, Қарулы Күштердің жаңа келбетін қалыптастыру, түрлі табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жою кезінде әскери қызметшілерді жұмылдыру мүмкіндігі мен қажеттігі жайында мәлімет берді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ермекбаевтың әскери бөлімшелердің дайындығы, мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс мәселелері, бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, әскери техникамен жабдықтау, Қорғаныс министрлігін автоматтандыру және цифрландыру жөніндегі есебін тыңдады.
Жоғарғы Бас қолбасшы еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуді, Қарулы Күштердің жабдықталуын жақсартуды, шығындарды оңтайландыруды, әскери қызметшілердің білім деңгейін көтеріп, біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша