USD
USD
USD

Президент Әшімбаевты қабылдады 

Президент Сенат Спикерімен Парламенттің жаңа сессиясының ашылуына дайындық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Президентке Жоғарғы Палатаның өткен сессиядағы заң шығару қызметінің негізгі қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Президент Әшімбаевты қабылдады 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сенат Төрағасының айтуынша, депутаттық корпус саяси реформалардың жиынтығын заң тұрғысынан толық қамтамасыз етті. Халық денсаулығы, педагог мәртебесі, ардагерлер туралы маңызды заңдар және пандемия кезінде азаматтар мен бизнесті қолдауға бағытталған түзетулер жан-жақты пысықталып, қабылданды. Алдағы сессия барысында Сенат қызметі Қазақстанды дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту стратегиясын іске асыруға бағытталады.

Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен Сенат депутаттарын сайлаудың қорытындылары, сенаторлардың өңірлерге сапары және ағымдағы қызметі туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы экономикалық өсімді қайта қалпына келтіруге және халықтың тұрмыс сапасын көтеруге бағытталған бастамаларды заң тұрғысынан сапалы және жедел іске асыру қажет екенін айтты. Президент Сенаттың ролі әрбір заңнаманы жіті пысықтау, сондай-ақ заңдарды қабылдау кезінде мемлекеттің басты ұстанымдарын және жалпы ұлттық мүдделерді қолдау екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықты жою және тұрғындардың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін арттыруға бағытталған жаңа бастамаларды заңмен бекітудің маңыздылығына назар аударды.

Қазір оқып жатыр

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Көлік өртенді

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Пасха

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Хан шатыр