Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент Асанәлі Әшімовті мерейтойымен құттықтады

Алматы әкімі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді

Президент Асанәлі Әшімовті мерейтойымен құттықтады
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды baq.kz.

Алматы, NEGE. Бүгін театр және кино актері, режиссер Асанәлі Әшімов 85 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев актерге ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.

Қала әкімі әртістің театр өнері мен кинематографияның дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, оған ұзақ ғұмыр тіледі.

Сіз отандық кино тарихында ерекше орын аласыз. Бүгінде өнер саласындағы бастамалар мен жобаларды қолдап, насихаттап, жастарға бағыт-бағдар беріп, шетелде еліміздің абыройын асқақтатып жүрсіз, – деді Ерболат Досаев.

Асанәлі Әшімов – көрнекті театр және кино актері, режиссер, өнер қайраткері, Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері. 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келген.

Актер "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі" "Жаушы" және тағы басқа фильмдерде ең жарқын және есте қаларлық рөлдерді сомдады.

Қазір оқып жатыр

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров

Бақытжан Базарбек көлікпен қағып кетті деген жігіттің туыстары мәлімдеме жасады

Бақытжан Базарбек және жәбірленуші тарап

Тоқаев төтенше жағдайлар министріне өрт қауіпсіздігі деңгейін көтеруді тапсырды

Тоқаев, Әрінов

Алматыда әйелді балағаттаған Канада азаматы 5 тәулікке қамалды

әкімшілік іс