Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент Әлихан Байменовті қабылдады

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы қазіргі үрдістер мен даму перспективалары талқыланды.

Президент Әлихан Байменовті қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Президент Астана хабы мемлекеттік басқару жүйесін дамыту мәселелері бойынша сараптамалық тұрғыда маңызды қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, билік өкілеттіктерін орталықсыздандыру және мемлекеттік органдар қызметіне жобалық әдісті белсенді енгізу арқылы әкімшілік реформаны тиімді жүзеге асыру маңызды екенін айтты.

Сонымен қатар кездесуде қоғамды одан әрі ұйыстыру, атап айтқанда, заң мен тәртіпті сақтау, кәсібилік және еңбек адамының рөлін арттыру секілді құндылықтарды қалыптастырудың маңыздылығы қарастырылды.

Бұдан бөлек, Әлихан Байменов Президентке Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының жұмысы туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы ұлттық ойынымызды елімізде және шетелде одан әрі дәріптеу маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Қазақстанда өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастыру қажеттігіне назар аударды.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш