Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент Әкімшілігінің Басшысы Батыс Қазақстан облысының жаңа әкімін таныстырды

Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу Орал қаласына жұмыс сапарымен барып, облыстың барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиынына қатысты.

Президент Әкімшілігінің Басшысы Батыс Қазақстан облысының жаңа әкімін таныстырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алдымен Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына Бауыржан Айтмағамбетов пен Нариман Төреғалиевтің кандидатураларын ұсыну туралы Мемлекет басшысының хаты оқылды. Ашық дауыс беру нәтижесінде мәслихаттардың 37 депутаты Бауыржан Айтмағамбетовке, 123 депутаты Нариман Төреғалиевке дауыс берді.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Президенттің Жарлығымен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Президент Әкімшілігінің Басшысы облыстың жаңа әкімін таныстыра келе Нариман Төреғалиев жауапты қызметтерде мол тәжірибе жинаған маман екенін атап өтті. Облыс әкімінің алдына өңір экономикасын дамыту, тозығы жеткен инженерлік желілерді жаңарту, көлік жолдарын қалпына келтіру, экология проблемаларын шешу міндеттері қойылды.

Мұрат Нұртілеу биыл қоғамдық маңызды шаралар көп болғанын, соның бәріне атсалысып жүрген облыс халқына Президенттің алғысын жеткізіп, өзінің ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Әділетті Қазақстан құру жолында еңбек етіп, облыс тұрғындарының игілігі үшін Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді абыроймен орындау керек екенін айтты. Сонымен қатар өңірді бұған дейін басқарған Ғали Есқалиевтің атқарған қызметіне Мемлекет басшысының алғысын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар

3 млрд теңге залал келген: Астанада жоқ пәтерлерді сатқан төрт адам сотталды

кісі өлімі