USD
USD
USD

Президент әкімдермен кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Президент әкімдермен кеңес өткізді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Жиында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу мәселелері талқыланды.

Президент бұған дейін берілген тапсырмалардың атқарылуы жайындағы әкімдердің есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың басшыларына пандемия жағдайында халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.

Жиын соңында Мемлекет басшысы әкімдерге аймақтарды дамытудың, халықтың тұрмысын жақсартудың өзекті мәселелерін шұғыл шешу, сондай-ақ, Жұмыспен қамту жол картасын тиісті деңгейде жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Астана әуежайында ЖИ арқылы биометриялық тексеру енгізілмек

Әуежайдағы тексеру

Астанада Tesla -мен соқтығысқан жүк көлігі көпірден ұшып кетті

Оқиға орны

«Ақтөбе» жанкүйерлерінің әрекеті дау тудырды: клуб алты қызға салынған айыппұлды толық төлеп бермек

«Ақтөбе» ФК

Мұнайдың тағдырын кім шешеді? Экономист Үкіметтің болжамына баға берді

Сапарбай Жұбаев