USD
USD
USD

Президент Ахметжан Есімовті қабылдады

 Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысына компаниялар тобындағы қазіргі ахуал туралы баяндалды.

 Президент Ахметжан Есімовті қабылдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ахметжан Есімовтің айтуынша, дағдарыс пен карантин кезеңі басталғалы бері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына қарасты өндіруші кәсіпорындарда жұмыс орындарын қысқартуға, еңбекақыны кешіктіруге жол берілмеген. Қор мен компаниялар тобының қаржылық орнықтылығын күшейту жөніндегі бұған дейін жүргізілген шаралар өткен жылдарда жиналған сыртқы қарызды 8 миллиард долларына азайтуға мүмкіндік берді. Бұл 1 триллион теңге көлемінде қаржы шығынының алдын алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар көлемі 1 миллиард доллары болатын күрделі әрі операциялық шығындар оңтайландырылды.

Қор Қасым-Жомарт Тоқаевтың сатып алу жүйелері арқылы ел экономикасына қолдау көрсету жөніндегі тапсырмаларын орындайды. Биыл жыл басынан бері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы 250 мыңға жуық адам жұмыс істейтін отандық кәсіпорындарға 9 мың тапсырыс берген. Бұдан бөлек қазақстандық кәсіпорындарды қолдау және жаңа өндіріс орындарын ашу бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Кездесуде Ахметжан Есімов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жекешелендіру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді.

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша