USD
USD
USD

Президент Абайдың «Қара сөздерін» румын тіліне аударған ғалымға алғыс білдірді

Президент Абайдың «Қара сөздерін» румын тіліне аударған ғалымға алғыс білдірді. Бухарест университетінің Шет тілдері және әдебиеті факультетінің профессоры Антоанета Олтянуға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов табыс етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Президент Абайдың «Қара сөздерін» румын тіліне аударған ғалымға алғыс білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сонымен қатар, оның кәсіби қызметі Қазақстанның Мәдениет және спорт министрінің алғыс хатымен де атап өтілді. А. Олтяну еңбегіне берілген жоғары баға үшін шынайы ризашылығын білдіріп, екіжақты мәдени байланыстардың ілгерілеуіне одан әрі үлес қосуға дайын екенін растады. Еске сала кетсек, 2019 жылдың шілдесінде Абайдың «Немура» баспасы арқылы румын тілінде тұңғыш рет жарық көрген еңбектері оқырмандардың ықыласына ие болды. 2020 жылдың қыркүйегінде ақынның мерейтойын атап өту аясында Бухарестің орталық саябақтарының бірінде Абай бюстінің салтанатты ашылуы өтті.

Қазір оқып жатыр

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу

Талдықорғанда діни қорда тіркеусіз тұрған сегіз адам анықталды

ЖИ көмегімен жасалған

Алматыда ағаштарды рұқсатсыз кескендерге қатысты іс қозғалды

Ағаш кесу