25 Ақпан 00:28
...

Президент Жарлығымен Қорғаныс министрлігінің өкілеттігі өзгерді

Үкімет
Фото: Фото: ғаламтордан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2025 жылғы 13 ақпандағы Жарлыққа қол қойды.

Алматы, NEGE. «Қорғаныс министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне кейбір саладағы функциялары мен өкілеттігін бере отырып, қайта құрылсын», — делінген Жарлық мәтінінде.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі оған Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің:

— мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, басшылық ету және салааралық үйлестіру;

— әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

— мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде әскери мақсаттағы тауарлар мен өнімдерге, қос мақсаттағы тауарлар мен өнімдерге, әскери мақсаттағы жұмыстарға және әскери мақсаттағы қызметтерге баға белгілеу.

Осылайша Қорғаныс министрлігінен берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құқық пен міндеттемелердің мирасқоры болып белгіленді.

Осы орайда Президент Үкіметке де тапсырма жүктеді:

— ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлу;

— осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдау.

Жарлық 2025 жылы 13 ақпанда қолданысқа енгізілді.