USD
USD
USD

Президент жарлығымен бірқатар елге Қазақстанның елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар елге Қазақстанның елшілері тағайындалды.

Президент
Фото: Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;

Рауан Әбдіманапұлы Жұмабек Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Барлыбай Кәрімұлы Садықов Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Найроби қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Әсел Шәрімова

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Temu

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

жетісу

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

мас күйде көлік жүргізу