USD
USD
USD

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

Озық технологиялармен жабдықталған және автоматтандыру деңгейі өте жоғары кәсіпорын жылына 283 млн литрге дейін сусын шығара алады.

 Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауыты
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы өндіріс барысымен танысқан соң, өңірдің экономикалық өсіміне серпін беретін ірі инвестициялық жобаларды қолдаудың маңызын атап өтті. 

Кока-кола зауыты
Фото: Ақорда

Сонымен қатар Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды.

Президент стратегиялық маңызы зор Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізіне жақын орналасқан Almaar Logistics сауда-логистика орталығына барды. Аумағы 24 мың шаршы метрді құрайтын көп функционалды кешен құрылысына жеке инвестор 14,8 млрд теңге қаржы құйған. Орталық өнім сақтаудың озық технологиясымен жабдықталған.

Almaar Logistics сауда-логистика орталығы
Фото: Ақорда

Атап айтқанда, тез бұзылатын азық-түлікті ұзақ сақтамай, барынша жедел таратуға мүмкіндік беретін жүйе енгізілген. 

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті