USD
USD
USD

Президент заңсыз активтерді елге қайтару туралы: Асыра сілтеуге болмайды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы шетелге заңсыз шығаралған акивтерді қайтарудың маңызына тоқталды. Сондай-ақ, бұл мәселеде «артық кетуге болмайтынын» да ескертті.

Президент
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Президенттің пайымдауынша, активтерді елге қайтару жұмысында тым белсенді болу шетелдік инвесторларды үркітуі мүмкін екен.

– Инвестицияның тағы бір көзі заңсыз активтерді қайтару болуы керек. Бұл жұмыстың тізбегін бірнеше мәрте нақтылап бергенмін, бизнес өкілдерімен кездескенде де сөз болды. Құзыретті органдар белсенді түрде күш салуы керек. Қайтарылған қаражатты еліміз үшін маңызды жобаларға бағыттауымыз керек.

Дей тұрғанмен, тағы да ескертемін, асыра сілтеуге болмайды. Құқық қорғау органдары тарапынан заңсыздыққа жол берілмейді. Әрбір осындай сигналға өз тарапымнан қатаң шара қолданамын, – деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы мұндай саясаттың негізгі мақсаты елде жайлы инвестициялық климат қалыптастыру екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті