15 Тамыз 13:17
...

Президент ұстаздарға мемлекеттік наградалар табыстады

Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды.

Астана, NEGE. Мемлекет басшысының Жарлығымен білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды:

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы беріледі

Байсаринова Раушан Алтыбайқызы – Өскемен қаласы Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Дәуітова Светлана Қадырқызы – Алматы қаласы № 59 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Испанова Ләззат Сарқытбайқызы – Жетісу облысы Қаратал ауданындағы орта мектеп директоры

Құдайбергенова Айсұлу Сайлауханқызы – Алматы қаласы № 176 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі

Аблемова Шолпан Бақытқызы – Петропавл қаласы № 4 орта мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Құрмет» орденімен

Әбішева Шолпан Шәріпбайқызы – Алматы қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі

Әбуева Раушан Бәкірқызы – Жамбыл облысы Сарыкемер мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі

Даурықбаева Шұға Амангелдіқызы – Қарағанды қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі

Гүл Муаммер – Нұрорда Алматы еуразиялық халықаралық мектебінің мұғалімі

Жайырбаева Рысжан Сағдолдақызы – Астана қаласы Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі

Қолдашева Оксана Владимировна – Павлодар қаласы Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі

Имашпаева Гүлжайна Ашанқызы – Өскемен қаласы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі

Рақымова Гүлнәр Мизинбайқызы – Астана қаласы № 6 гимназия директорының орынбасары

Степанова Елена Александровна – Алматы қаласы архитектура, дизайн және инженерия колледжінің өндірістік оқыту шебері

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Айтілеуов Нұртас Әбдуаитұлы – Түркістан облысы Баласағұн атындағы № 4 жалпы білім беретін мектебі математика пәнінің мұғалімі

Әбенова Ләззат Өтегенқызы – Қызылорда облысы Толыбеков атындағы № 3 мектеп-лицейі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі

Құрмашев Абзал Назымбекұлы – Ақмола облысы Білім-инновация лицей-интернаты тарих пәнінің мұғалімі

Әлмішева Ләззат Шайзақызы – Жезқазған қаласы № 3 жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Король Алла Васильевна – Астана қаласы қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері

Нәжіметова Зухра Тайырқызы – Шымкент қаласы Гагарин атындағы № 34 орта білім беретін мектебі химия-биология пәндерінің мұғалімі

Рақымова Эльмира Ерсәлімқызы – Қостанай қаласы № 1 мектеп-лицейінің мұғалімі

Сәбитов Аян Баянбекұлы – Ақтөбе облысы Дарынды жасөспірімдерге арналған Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі

«Шапағат» медалімен

Нұрмағанбетов Ербол Зермұханбетұлы – Алматы қаласы Білім-инновация лицей-интернаты биология пәнінің мұғалімі

Әбішева Рысгүл Төкенқызы – Абай облысы Аягөз ауданы № 10 қазақ мектеп-гимназиясының мұғалімі

Бахдәулетұлы Ибраһим – Атырау облысы Білім-инновация лицей-интернаты химия пәнінің мұғалімі.