USD
USD
USD

Президент Ұлттық музейдегі өнер туындылары көрмесін тамашалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Ұлттық музейге арнайы барып, отандық және әлемдік бейнелеу өнері туындыларының көрмесімен танысты.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Президентке өнертанушы Ольга Батурина қазақстандық талантты қылқалам шеберлерінің туындылары жинақталған «Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер» атты көрмені таныстырды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа әйгілі италиялық суретші Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» (La bella principessa) картинасының түпнұсқасы көрсетілді.

Танымал туындының көрмесі Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай Италияның «Scripta Maneant» баспасымен бірлесе ұйымдастырылған. Жоғары Ренессанс дәуіріне жататын бұл құнды жәдігер Еуропадан тысқары жерге алғаш рет шығарылып отыр.

Көрме еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Италияның Қазақстандағы елшілігінің және Италия мәдениет институтының қолдауымен өтіп жатыр. 

Елорда тұрғындары мен қонақтары Леонардо да Винчидің осынау бірегей туындысын 4 тамызға дейін тамашалай алады.

Қазір оқып жатыр

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Гульнара Бажкенова

Қадырбек Шынбаев Азиадада аралас жекпе-жектен Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Қадырбек Шынбаев

Qarmet өндірісті жаңғыртып жатыр: жаңа кокс батареялары мен сортты прокат кешені қашан іске қосылады?

Qarmet

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық