USD
USD
USD

Президент Үкіметке шалғай елді мекендерде пошта бөлімшелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында шалғай елді мекендерде пошта бөлімшелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Почта
Фото: ғаламтордан

Астана, NEGE. «Ауылды дамытуға арналған негізгі міндеттерге арнайы тоқталғым келеді. Бұл жерде инфрақұрылымды жаңғыртуға және бизнесті қолдауға басымдық берілуі керек.

Ауылдық аймақтарды жан-жақты дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шараларының бәрін бір бағдарламаға біріктіру дұрыс шешім болмақ, яғни «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі» және тағы басқа бағдарламалар. Үкімет пен әкімдерден жаңа, жүйелі әрі тың тәсілдер күтемін.

Жалпы, ауыл шаруашылығында шешілмеген мәселелер аз емес. Фермерлер, сарапшылар түрлі түйткілдер туралы жазып жатыр. Мысалы, бордақылау орындары малсыз, жартылай бос тұр, себебі, мал көрші елдерге төмен бағамен сатылып жатыр.

Ауылдағы ағайынның тұрмыс сапасына ықпал ететін барлық мәселеге баса мән беру қажет. Ауыл халқы қаржылық және мемлекеттік қызметтерден қол үзіп қалмауы керек. Қазір бұл міндет, негізінен, «Қазпошта» арқылы орындалып жатыр.

Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, пошта бөлімшелерінің шалғай елді мекендерде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы. 

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында қызды топ болып зорлаған бес жасөспірім сотталды

Қылмыстық іс

Ақтауда ерлі-зайыпты интим қызмет көрсететін адамды бопсалап, 3 млн теңге талап еткен

әйел

Журналист Александра Алехованың жазасы жеңілдетіліп, кәсіби қызметімен айналысуға рұқсат берілді

Александра Алехова

Ұсталған Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев туралы не белгілі?

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев