Тоқаев 72 жасқа толды: Қазақстан президентін қай ел басшылары құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туған күніне орай Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан және БАӘ басшыларымен телефон арқылы сөйлесті.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
АЛМАТЫ, NEGE. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Кемелұлымен:
-
Ресей Президенті Владимир Путин;
-
Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған;
-
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев;
-
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров;
-
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон;
-
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев;
-
БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян сөйлесті.
Шетелдік әріптестері Тоқаевты туған күнімен құттықтап, Қазақстан халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс пен берекелі болашақ тіледі.
Әңгіме барысында елдер арасындағы достық пен әріптестікті одан әрі нығайту мәселелері де қозғалды.
Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттер мен үкімет басшыларынан, парламент спикерлерінен, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялар өкілдерінен, ел зиялылары мен қарапайым азаматтардан көптеген құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.
Атап айтқанда, құттықтаулар жолдағандар қатарында:
-
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин;
-
Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов;
-
Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов;
-
Беларусь Президенті Александр Лукашенко;
-
Италия Президенті Серджо Маттарелла;
-
Молдова Президенті Майя Санду;
-
Словакия Президенті Петер Пеллегрини;
-
Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан;
-
Армения Премьер-министрі Никол Пашинян;
-
Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко;
-
Татарстан басшысы Рустам Минниханов;
-
ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев;
-
Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл және басқалар бар.
Құттықтаулар қабылдануда жалғасып жатыр.