USD
USD
USD

Президент ТМҰ-ға мүше елдердің орталық банктері өкілдерінің кеңесіне қатысты

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Орталық (ұлттық) банктері кеңесінің бірінші отырысы өтті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Жиынды ашқан Президент жуырда Мажарстанда өткен бейресми саммитте Ұйымға мүше мемлекеттер басшылары ынтымақтастықты тереңдетудің маңызын растағанын атап өтті. Тариф саясатының өзгеруінен туындаған жаһандық экономиканың трансформациясы жағдайында мұның мәні арта түсті.

Президенттің айтуынша, қазіргі кездегі күрделі өзгерістер қиындықтармен қатар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру мен қаржы сияқты негізгі салаларда күш-жігерді үйлестіру қажет.

– Біздің елдеріміздің әлемдік ІЖӨ-дегі жиынтық үлесі 2010 жылғы 2,4 пайыздық көрсеткіштен 3,1 пайызға дейін ұлғайды. Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық резервтері тұрақты түрде өсіп келеді. Бұл аймақтың макроэкономикалық орнықтылығының артқанын көрсетеді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы қаржы секторындағы ынтымақтастықты кеңейту барысында орталық банктер негізгі рөл атқарып, экономикалық және инвестициялық серіктестіктің қозғаушы күшіне айнала алады деп санайды.

– Жиынның күн тәртібіне экономикалық үдерістерге, ақша-несие саясатына, сондай-ақ орталық банктердің цифрлық валюталары, криптовалюталары және цифрлық активтері, яғни, қаржы технологияларын дамытуға қатысты өзекті тақырыптардың енгізілгені қуантады. Қазақстан бұл салада айтарлықтай жетістікке жетті. Атап айтқанда, барлық транзакциялар құрылымындағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 85 пайызды құрады. Біздің Ұлттық банк аймақта бірінші болып цифрлық теңгені енгізді. Жақын арада цифрлық активтердің, соның ішінде криптовалюталардың, стейблкоиндердің және токенизацияланған құралдардың қауіпсіз айналымын қамтамасыз ететін жаңа ережелерді қабылдау жоспарланып отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Кеңес соңында Қасым-Жомарт Тоқаев орталық банктер арасындағы кәсіби диалогтың кеңеюі түркі елдерінің экономикалық әлеуетін іске асыру үшін берік негіз қалайтынына сенім білдірді.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

.

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

таза

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

балта