USD
USD
USD

Президент сумошы Ерсін Балтағұлды «Барыс» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балтағұлмен кездесті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президент спортшының былтыр Император кубогында «маэгашира» атағын, яғни сумо балуандарының жоғары дәрежесін иеленіп, жарыс қорытындысы бойынша «Канто-се» (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады.

«Жапонияға барған сапарымда сізді Императордан бастап қарапайым халыққа дейін бәрі танитынын, құрметтейтінін байқадым. Бұл – зор мәртебе. Жапонияда тұрсаңыз да қазақтың атын шығарып, еліміздің беделін биіктетіп жүрсіз. Сізге ерекше ризашылығымды білдіремін», – деді Мемлекет басшысы.

Ерсін Балтағұл Президентке ілтипат көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің жас спортшыларымен кездесуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

«Қазақстанның азаматы ретінде мақсатымыз еліміздің көк туын 120 миллионнан аса халқы бар Жапонияға таныту болатын. Осы бағыттан таймай, еңбек етіп келеміз. Сондай-ақ Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленген отандасымыз Михаил Шайдоровтың айтулы жетістігімен өзіңізді және барша қазақстандықтарды құттықтаймын», – деді Ерсін Балтағұл.

Президент спорт саласындағы елеулі еңбегі үшін сумошы Ерсін Балтағұлды ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

эвтаназиялау

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Оқушылар

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Кайсар уалихан

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін

Temu