Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы қоғамдық көлік жүйесінің, соның ішінде LRT жобасының қазіргі жай-күйімен танысты. Президент жүйені басқару орталығының жұмысын көрді.

.
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, LRT іске қосылғаннан кейін қозғалысты бақылау және жүйені басқару үшін арнайы диспетчерлік орталық құрылған. Бұл орталық қала көлігінің қозғалысын қадағалап, жұмысын үйлестіреді. Мұнда жиырмаға жуық маман еңбек етеді.

.
Ақорда

Жоба толықтай автоматтандырылған. Пойыздар жүргізушісіз қозғалады, ал жылдамдықты реттеу, тоқтау және есіктерді ашу секілді негізгі процестер автоматты жүйе арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ қауіпсіздік үшін қашықтан бақылау және диспетчермен байланыс қарастырылған.

Желінің ұзындығы 22,4 шақырым. Бағыт бойында 18 станция мен арнайы депо орналасқан. Жоспар бойынша 15 құрам тұрақты қатынайды, тағы бірнешеуі резервте болады. Әр құрам 600-ден астам жолаушыны тасымалдай алады.

Пойыздардың жүру аралығы 5–6 минутты құрайды. Бір бағыттағы сапар шамамен 40 минутқа созылады. Орташа жылдамдығы сағатына 50–60 шақырым.

.
Ақорда

Сапар соңында мемлекет басшысына 001 сериялы көлік картасы табысталды. Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев LRT желісінің алғашқы жолаушысы ретінде «Әуежай» станциясынан «Ұлттық музей» станциясына дейін жүріп өтті.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық