USD
USD
USD

Президент ШЫҰ құрамындағы елдерді қарулану жарысын тежеу мәселесін талқылауға шақырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Еуразия құрлығындағы стратегиялық тұрақтылық және сенім шаралары бойынша министрлер деңгейіндегі ШЫҰ конференциясын өткізуді ұсынды.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президенттің пікірінше, осы іс-шараның күн тәртібінде әскери тәуекелдерді азайту, қарулану жарысын тежеу және қауіпті оқиғалардың алдын алу мәселелерін талқылауға болады. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев қарулы қақтығыстардың салдары көбіне әскери іс-қимыл аймақтарынан тысқары жерді шарпып, халықаралық нарықтарға, коммерциялық кеме қатынасына, орнықты энергетикалық және көлік байланыстарына нұқсан келтіріп жатқанын атап өтті.

«"Үш зұлым күшпен" – терроризммен, экстремизммен және сепаратизммен күрес өзара ықпалдастығымыздың басым бағыты болып қала береді. Олар трансұлттық қылмыспен, есірткі тасымалымен, заңсыз қару айналымымен және киберқауіппен астасып жатыр», – деді Мемлекет басшысы.

Ол Қазақстан тарабы Сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл жөніндегі әмбебап орталықтың, сондай-ақ ШЫҰ Есірткіге қарсы орталығының мақсаттары мен міндеттерін қолдайтынын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

«Бір айдан кейін қайта төсеудің қажеті қанша?»: Алматыда аялдамадағы плиткаға қатысты түсініктеме берілді

Скрин

Базалық мөлшерлеме төмендеді: банктер несие пайызын қашан азайтады?

Банкир

Тоқаев: Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Депутат жүрек ауруларының алдын алу үшін скринингті 18 жастан бастауды ұсынды

Жұлдыз Данбаева