Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қабылдады

Мемлекет басшысына қаланың биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында есеп берілді.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 31 пайызға ұлғайып, 360 миллиард теңгені құраған. Биыл өнеркәсіп саласында жалпы құны 680 миллиард теңге болатын өнім өндірілген. Құрылыс қарқын алып, 517 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шымкенттің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру үшін «Жұлдыз» және «Бозарық» жаңа индустриялық аймақтары іске қосылғаны айтылды. Шаһарда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 139 мыңнан асты. Аталған секторда 245 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

Президентке Шымкент қаласының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жайында баяндалды. Жаңа әуежай терминалы салынып, теміржол вокзалы реконструкциядан өтті. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 12 мектеп және Оқушылар сарайы пайдалануға берілді. Сонымен қатар шағын футбол орталығы мен спорт кешені бой көтерді.

Мемлекет басшысына жол-көлік инфрақұрылымының дамуы жөнінде айтылды. Оңтүстік айналма жолы және 2 ірі жолайрық пайдалануға берілді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін былтыр – 2 270, биыл 2 743 көше жарықтандырылды.

Президент тапсырмасына сай, активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасып жатыр. Атап айтқанда, Мұз сарайы, Орталық су спорты кешені, №2 қалалық емхана, «Қиял әлемі» технопаркі мен «Кең баба» саябағы мемлекет меншігіне өткен.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ғабит Сыздықбековке қала экономикасын одан әрі әртараптандыру, қосымша инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту, әуежайға жаңа ұшу-қону жолағын төсеу, мектептердегі орын тапшылығы мәселесін шешу, қала тұрғындарын баспанамен қамту, сондай-ақ жол инфрақұрылымын жаңғырту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасының сегіз мүшесі де IOAI 2026 олимпиадасында медальға ие болды

IOAI 2026

Қазақстандықтардың 85,7%-ы Тоқаевқа сенім білдіреді

Халық Кеңесі

«Отбасы банк» қызметкерлері риелторлар мен клиенттерден ақша алып келген

Отбасы банк

Ақмола облысында әйелді өз пәтерінде пышақтап кеткен: күдікті ретінде көршісі ұсталды

Пышақ жарақаты