USD
USD
USD

Президент саябағында «Бірлік. Достық. Береке» мерекелік шарасы өтті

Қызылордадағы Президент саябағында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік. Достық. Береке» атты мерекелік шара өтті.

.
Фото: Қоғамдық даму басқармасы

Саябақта қолөнер шеберлерінің ұлттық нақыштағы бұйымдары мен жас суретшілердің шығармалары қойылған көрме көпшілік назарына ұсынылды. Гүлдер мен құстар фестивалі келушілерге ерекше әсер сыйлап, көтеріңкі көңіл-күй қалыптастырды.

.
Қоғамдық даму басқармасы

Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, бірлік пен келісімнің маңызын атап өтті.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар нәтижесін беріп келеді. Соның бірі – Президент саябағы. Бұл орын қала тұрғындарының демалып, уақыт өткізетін жайлы мекеніне айналған. Алдағы уақытта мұнда жыл бойы жұмыс істейтін балалар тынығу лагері мен Ботаникалық бақ ашу жоспарланған.

.
Қоғамдық даму басқармасы

«Бүгінде Сыр бойында 30-дан астам этнос өкілдері өңірімізді өркендету жолында түрлі салаларда еселі еңбек етіп, аймақ дамуына айрықша үлес қосып келеді. Облысымызда 11 этномәдени бірлестік пен 9 қоғамдық құрылым табысты жұмыс істеп тұр.

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен баршаңызды тағы да құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын!», – деді қала әкімі.

Шара барысында этнос өкілдері өнер көрсетіп, ән-жырдан тарту жасады. Патриоттық шығармалар қоғамдағы бірлік пен татулық құндылықтарын кеңінен насихаттады.

.
Қоғамдық даму басқармасы

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Қызылордада «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының қолдауымен «Достық үйінің» жаңа ғимаратының іргетасы қаланған болатын. Биыл нысан пайдалануға беріліп, онда V Ұлттық құрылтай өтті.

Қазір «Достық үйі» қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтатын маңызды рухани-мәдени орталыққа айналып отыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза