USD
USD
USD

Президент Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. – Тарихи тұрғыдан осындай қысқа мерзім ішінде дәстүрлі достыққа негізделген ықпалдастығымыз қарқынды дамып, берік әрі сенімді әріптестікке айналғанын ерекше атап өтемін. Бүгінде Сауд Арабиясы – Қазақстанның Таяу Шығыс өңірінде ғана емес, араб әлеміндегі басты саяси серіктестерінің бірі. Бұған қоса, елдеріміз халықаралық және өңірлік формат алаңдарында бірлесе белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Осы ретте болашақта қазақ-сауд ынтымақтастығы өркендей беретініне сенімдімін. Өз тарапымнан, халықтарымыздың игілігі жолында еліңізбен жан-жақты қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетуде Сізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға әрдайым дайынмын, – деп жазылған жеделхатта.

Президент Сауд Арабиясының Короліне мол бақыт және ұзақ ғұмыр, ал бауырлас сауд халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқып жатыр

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік