USD
USD
USD

Президент министрліктің жұмысын сынға алды

Қасым-Жомарт Тоқаев қордаланған мәселелерді шешуді кейінге қалдырып, тиісті құжат қабылдамай отырған салалық министрліктің жұмысын сынады.

Президент
Фото: Aqorda

Астана, NEGE. Президент үкіметке әуе хабтарын дамытудың нақты мәселелерін шұғыл түрде шешу жөнінде тапсырма берді. Әуежай қызметіндегі қазіргі тариф саясатын қайта қарауға баса мән беру керегін айтты.

​«Соңғы 10 жылда баға бір-ақ рет, яғни биыл ғана өсті. Тарифтерді ұстап тұру инфрақұрылымның тозуына әкеледі. Мұны тәжірибе анық көрсетті. Бағаны қайта қарау қалыптасқан жағдайды өзгертуге кепіл болуға тиіс. Сонымен қатар бағаның күрт көтерілуін болдырмау үшін оңтайландырылған тәсіл қолдану қажет», – деді ол. 

Президенттің айтуынша, «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидатын енгізу алдағы жылдары саланы дамытудың негізгі шарты болуы керек.

​«Қолайлы іскерлік орта құру – стратегиялық міндет. Инвесторларды мұқият тыңдаған жөн. Әуежайлардағы авиациялық емес қызметті шектен тыс реттеу көптеген түйткіл туындатып отыр. Конкурстар арқылы компанияларды іріктеу барысында бюрократиялық кедергі жасауды, келісімдердің мерзімін шектеуді тоқтату керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

.

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

таза

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

балта