USD
USD
USD

Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Республика күні
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы өз сөзінде бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деп атап өтті. 

«Еліміздің ең басты мерекесі – Республика күні құтты болсын! Ұлттық мейрам қарсаңында дәстүрге сай Ақорда төрінде мемлекетіміздің үздік азаматтарымен бірге жиналып отырмыз. Биыл еліміз азаттықтың мерейлі белесіне жетті. Осыдан 35 жыл бұрын Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл осы күні сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүріміз қайта жаңғырды. Көп ұзамай жұртымыз Тәуелсіздік байрағын көтерді. Тарихи әділдік орнап, ұлттың рухы асқақтады. Сондықтан бұл күнді халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн деуге болады. Тәуелсіздік – бәрінен қымбат құндылығымыз. Оны сақтап, нығайта түсу – баршамызға ортақ қасиетті борыш. Егемендік – ата-бабаларымыздың ұлт мүддесі жолындағы өшпес ерлігінің айқын көрінісі», - деді президент. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ