USD
USD
USD

Президент Орталық Азия – Қытай форумына құттықтау жолдады

Бүгін Астанадағы Президенттік орталықта Орталық Азия мен Қытай арасындағы ынтымақтастық пен даму мәселелеріне арналған форум және ІІІ «Жібек жолы» халықаралық коммуникациялық конференциясы өз жұмысын бастады.

Қытай
Фото: Ақорда

АЛМАТЫ, NEGE. Ауқымды шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауымен ашылды. Мемлекет басшысының құттықтау хатын Президенттің көмекшісі Арман Қырықбаев оқып берді.

Құттықтау хатта Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары мен екінші «Орталық Азия — Қытай» саммитінің маңыздылығына тоқталып, мұндай басқосулардың аймақтық ынтымақтастықты дамытудағы рөлін атап өтті.

«Мұндай іс-шаралар Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің Қытаймен гуманитарлық диалогын орнықтырып, мәдени ықпалдастығын арттыра түседі. Татулық, достық және жан-жақты стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделген қазақ-қытай қарым-қатынастары жыл сайын нығайып келеді», – делінген Президенттің құттықтауында.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы биылғы жылдың «Қазақстандағы Қытай туризмі жылы» деп жариялануына орай ұйымдастырылатын ауқымды жобалар өзара түсіністік пен ықпалдастықты тереңдетуге ықпал ететінін айтты.

Форум «Қытай мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін құру үшін бұқаралық ақпарат құралдарын интеграциялау» тақырыбында өтуде. Шараны Қытайдың «Синьхуа» ақпарат агенттігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені бірлесіп ұйымдастырған.

Форумға алты елден бұқаралық ақпарат құралдары саласында қызмет ететін шамамен 140 делегат қатысып жатыр. Басқосуда аймақтық ақпарат алмасуды кеңейту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланады.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park