Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент Наурыз мерекесіне орай бірқатар елдің басшыларына құттықтау жеделхаттарын жолдады

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 21 наурызда Наурыз мерекесіне орай бірқатар елдің басшыларына құттықтау жеделхаттарын жолдады. 

Наурыз мейрамы
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовті, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды, Иран Президенті Масуд Пезешкианды, Ирак Президенті Абдул Латиф Рашидті, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифті Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады, – делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақстан Президенті жеделхаттарында Наурыз мерекесі елдеріміздің ғасырлар бойы қалыптасқан достық, бауырластық және өзара құрмет дәстүрлерімен үйлесетінін әрі табиғат жаңаруының нышаны саналатынын жазған. Сонымен қатар әз-Наурыздың қастерлі құндылықтары халықтарымыздың игілігіне бағытталған байланыстарды одан әрі дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірген.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.