«Президенттен кейін премьер-министр» – Тоқаев лауазымды адамдардың хаттамадағы сатысын бекітті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хаттамасын бекіту туралы» Жарлыққа өзгеріс енгізді.
Астана, NEGE.Мемлекет басшысы 13 ақпанда күшіне енген Жарлығымен лауазымды тұлғалардың хаттамалық сатысына өзгерістер енгізді.
Мемлекетішілік іс-шараларды өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының хаттамалық сатысы:
1. Президент
2. Премьер-министр
3. Сенат төрағасы
4. Мәжіліс төрағасы
5. Мемлекеттік кеңесші
6. Президент Аппаратының басшысы
7. Экс-президенттер
8. Конституциялық соттың төрағасы
9. Жоғарғы Сот төрағасы
10. Ұлттық банк төрағасы
11. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
12. Бас Прокурор
13. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
14. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
15. Президент Әкімшілігінің Басшысы
16. Премьер-Министрдің орынбасарлары (тағайындалу күні бойынша)
17. Президенттің көмекшілері (тағайындалу күні бойынша)
18. Президент Кеңсесінің Басшысы
19. Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы
20. Жоғары есеп палатасының төрағасы
21. Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары
22. Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары
23. Ішкі істер министрі
24. Қорғаныс министрі
25. Сыртқы істер министрі
26. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
27. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
28. Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін ведомстволардың төрағалары (тағайындалу күні бойынша)
29. Үкімет Аппаратының Басшысы
30. Министрлер (тағайындау күні бойынша)
31. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері (тағайындалу күні бойынша)
32. Президенттің кеңесшілері
33. Президенттің арнайы өкілдері
34. Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы
35. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшыларының орынбасарлары
36. Президенттік хаттама қызметінің бастығы
37. Президенттің Баспасөз хатшысы
38. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары
39. Парламент депутаттары (мемлекеттік тілдегі тегінің әліпби тәртібімен)
40. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
41. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
42. «Алтын Қыран» орденінің кавалерлері және «Халық Қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Епиі» атақтарымен марапатталған тұлғалар
43. Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (тағайындалу күні бойынша)
44. Конституциялық Соттың судьялары (тағайындалу күні бойынша)
45. Жоғарғы Соттың судьялары (тағайындалу күні бойынша)
46. Төтенше және Өкілетті Елшілер (тағайындалу күні бойынша)
47. Қазақстан Республикасындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл.
48. Сот әкімшілігінің басшысы
49. Ұлттық компаниялардың басшылары
50. Басқа да саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер
51. Қазақстандық саяси партиялардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері
Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының халықаралық іс-шаралар кезіндегі хаттамалық сатысы:
1. Президент
2. Премьер-министр
3. Парламент Сенатының Төрағасы
4. Парламент Мәжілісінің төрағасы
5. Мемлекеттік кеңесші
6. Президент Әкімшілігінің Басшысы
7. Экс-президенттер
8. Сыртқы істер министрі
9. Конституциялық Соттың Төрағасы
10. Жоғарғы Соттың Төрағасы
11. Ұлттық банк төрағасы
12. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
13. Бас Прокурор
14. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
15. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
16. Президент Әкімшілігінің Басшысы
17. Премьер-Министрдің орынбасарлары (тағайындалу күні бойынша)
18. Президенттің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі
19. Президенттің көмекшілері (тағайындалу күні бойынша)
20. Президент Кеңсесінің Басшысы
21. Төтенше және Өкілетті Елшілер (тағайындалу күні бойынша)
22. Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы
23. Жоғары есеп палатасының төрағасы
24. Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары
25. Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары
26. Қорғаныс министрі
27. Ішкі істер министрі
28. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы
29. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
30. Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін ведомстволардың төрағалары (тағайындалу күні бойынша)
31. Үкімет аппаратының басшысы
32. Министрлер (тағайындалу күні бойынша)
33. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері (тағайындалу күні бойынша)
34. Президенттің кеңесшілері
35. Президенттің арнайы өкілдері
36. Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы
37. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшыларының орынбасарлары
38. Президенттік хаттама қызметінің бастығы
39. Президенттің Баспасөз хатшысы
40. Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі
41. Сыртқы істер министрінің орынбасарлары
42. Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттама қызметінің бастығы
43. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары
44. Парламент депутаттары (мемлекеттік тілдегі тегінің әліпби тәртібімен)
45. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
46. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
47. «Алтын Қыран» орденінің кавалерлері және «Халық Қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Епиі» атақтарымен марапатталған тұлғалар.
48. Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (тағайындалу күні бойынша)
49. Конституциялық Соттың судьялары (тағайындалу күні бойынша)
50. Жоғарғы Сот судьялары (тағайындалу күні бойынша)
51. Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл.
52. Сот әкімшілігінің басшысы
53. Ұлттық компаниялардың басшылары
54. Басқа да саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер
55. Қазақстандық саяси партиялардың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері