USD
USD
USD

Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Мемлекет басшысына Мәжілістің заң шығару қызметі туралы баяндалды.

Тоқаев Ерлан Қошановты қабылдады
Фото: Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Ерлан Қошанов сессия басталғалы бері 35 заң қабылданып, Сенатқа жолданғанын атап өтті. Сонымен қатар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының жүзеге асырылуын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану, бизнес жүргізу, тәлімгерлік пен балалардың қауіпсіздігі, денсаулыққа зиян келтіретін жұмыс орындарында еңбек ететін азаматтарды арнайы төлемақымен қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін құжаттар қабылданғанын айтты.

Қазіргі уақытта депутаттардың қарауында 69 заң жобасы жатыр және оның үштен бір бөлігіне Мәжіліс депутаттары өздері бастамашы болған. Мәжіліс төрағасы бюджет кодексі, халықтың тым көп несие алуын төмендету, тұрғын үй саясаты, мемлекеттік сатып алу, ғылым және технологиялық саясат, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жылу энергетикасы, масс-медиа, адам саудасына қарсы іс-қимыл және басқа да заң жобалары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Ол мәжіліс депутаттары халықтың қаржылық сауатын арттыру үшін парламенттік тыңдау, медициналық сақтандыру жүйесін дамыту, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және сауда саясатын жетілдіру мақсатында үкімет сағаттарын өткізгені жөнінде мәлімет берді. Депутаттар жылдың алғашқы күнінен бастап сайлаушылармен кездесу және халықтың тұрмысын жақсарту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізу үшін өңірлерге аттанған.

Мемлекет басшысы Мәжілістің 2023 жылы атқарған жұмыстарына оң баға берді. Президенттің айтуынша, қабылданған заңдар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жаңғыру бағдарына қатысты негізгі шараларды жүзеге асыруды көздейтін заңдарды қабылдау қажет екеніне назар аударды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер