USD
USD
USD

Президент Маңғыстау облысының жаңа әкімі Нұрдәулет Қилыбайды қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтың жаңа басшысына маңызды міндеттер жүктеді.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Өңір экономикасын әртараптандыру, соның ішінде жаңа өндіріс орындарын ашу және дамудың тың бағыттарын қолға алу керек екеніне назар аударды.

Туризм, құрылыс, көлік-логистика салаларын өркендетуге айрықша мән берілуі тиіс.

Мемлекет басшысы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту үшін кешенді шаралар қабылдау маңызды екенін атап өтті.

Облыс әкіміне Ақтау қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекендерді жылумен, ауызсумен қамтамасыз етіп отырған МАЭК және «Каспий жылу, су арнасы» кәсіпорындарының балансындағы инфрақұрылымды жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жеделдету тапсырылды. Сондай-ақ өңірдегі су тапшылығын жою үшін «Каспий» су тұшыту зауытының қуатын арттырып, жеке инвестициялар есебінен қосымша сумен қамтамасыз ету нысандарын іске қосу қажет.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі