USD
USD
USD

Президент Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагиммен келіссөз жүргізді

Малайзия делегациясымен кеңейтілген құрамда өткен келіссөз барысында өзара тиімді байланыстарды одан әрі нығайтуға баса мән беріліп, екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе қарастырылды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев меймандарға ілтипат білдіре отырып, Премьер-министр Ануар Ибрагимнің ресми сапарының шын мәнінде тарихи мәні бар екенін, өйткені бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.

– Өз тарапымыздан Оңтүстік-Шығыс Азия өңірінде аса маңызды рөл атқаратын Малайзиямен анағұрлым тығыз әрі нәтижелі ықпалдастық жасауға дайын екенімізді жеткізгім келеді. Жаңа ғана біз көптеген мәселе бойынша ашық әрі достық рәуіште пікір алмастық. Ынтымақтастығымыздың келешегі зор екеніне сенімдімін. Сіздің бизнес-форумға қатысу ниетіңізді құптаймын. Іскерлік топтар арасындағы байланыстар – өзара қарым-қатынасты дамытудың маңызды факторы. Біз малайзиялық компаниялардың қатысы бар жаңа табысты жобалардың жүзеге асырылуын қолдаймыз. Бұл ретте Қазақстан Үкіметі қажетті көмек көрсетуге дайын. Бұдан бөлек, екі елдің азаматтары мен бизнесмендері 30 күндік визасыз режимнің және қолайлы тікелей әуе қатынасының игілігін көріп отыр. Сонымен қатар 500-ден аса қазақстандық студент Малайзия университеттерінде білім алады. Олар екі ел арасындағы «алтын көпір» қызметін атқаратыны сөзсіз, – деді Президент.

Қазір оқып жатыр

Үш миллиардты бөлейік. ЦентрКредит басшылығының мотивациясы НЕГЕ керемет болды?

БЦК

Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрттің алдын ала себебі айтылды

өрт

Полиция полковнигі Данияр Мейрхан қызметінен шеттетілді

Данияр Мейірхан

Оқу-ағарту министрі мұғалімдерге сүйінші жаңалық жеткізді

Жұлдыз Сүлейменова