USD
USD
USD

Президент Maire Tecnimont компаниясының Бас атқарушы директоры Алессандро Берниниді қабылдады

Әңгімелесу барысында энергетика және мұнай химиясы салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы компанияның декарбонизация және энергетикаға көшу жөніндегі жобаларды іске асыру ісінде мол тәжірибесі бар екенін, сондай-ақ оның 45 елде кең көлемде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Қазақстан көмірқышқыл газының қалдықтарын айтарлықтай азайтуға және жасыл технологияларды дамытуға бағытталған Maire Tecnimont компаниясының маңызды жоспарына зор қызығушылық танытып отыр. Себебі еліміз Париж келісімі аясында 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде міндеттемелер қабылдады және өндірісте үздік технологияларды енгізуге ұмтылады.

Алессандро Бернини Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның әлем бойынша іске асырып және әзірлеп жатқан ірі жобалары туралы мәлімет берді. Сондай-ақ Қазақстанның энергетика секторын дамыту жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

Мемлекет басшысы компанияның елімізде газ-химия кешенін салуға қатысу ниетін оң бағалады. Maire Tecnimont компаниясымен Атырау облысындағы газ-химия кешені құрылысының екінші кезегінің полимерлеу учаскесін жобалау жөніндегі шартқа өткен жылдың сәуір айында қол қойылды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай