USD
USD
USD

Президент Құрылтайды қандай жағдайларда тарата алмайды?

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов комиссияның кезекті отырысында Құрылтайды таратуға шектеулер қойылатынын мәлімдеді.

Құрылтай
Фото: Конституциялық комиссия

Астана, NEGE. Оның нақтылауынша, бүкілхалықтық талқылау үшін жарияланған Конституция жобасында Мемлекет басшысының бұл өкілеттіктері императивті түрде бекітілген. Атап айтқанда, ұсынылған кандидатураны тағайындауға, сайлауға келісім беруден қайталап бас тартылған және өзге де жағдайларда Құрылтайды тарату көзделген болатын.

«Енді Республика Президентінің аталған өкілеттіктерін диспозитивті формада тұжырымдап, Мемлекет басшысының құқығы ретінде бекіту ұсынылады. Тиісті өзгерістер 46-баптың 2), 4) және 8) тармақшаларына, 57-баптың 1-тармағына және 62-баптың 1 және 2-тармақтарына енгізілді», – деп түсіндірді комиссия мүшесі.

Бақыт Нұрмұханов бұл конституциялық нормаларда Құрылтайды таратуға мынандай шектеулер қойылатынын атап өтті: төтенше немесе соғыс жағдайы кезінде, Президент өкілеттігінің соңғы алты айында, алдыңғы таратудан кейінгі бір жыл ішінде немесе Конституцияның 51-бабында белгіленген жағдайда. Бұл жағдайларда Құрылтайды таратуға болмайды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан