USD
USD
USD

Президент қорғаныс министрінің жаңа орынбасарын тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Алмаз Жұмакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Алмаз Жұмакеев
Фото: Қорғаныс министрлігі

Астана, NEGE. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Ақорда.

Алмаз Жұмакеев 1970 жылғы 6 наурызда Қырғыз КСР Ыстықкөл облысының Пржевальск қаласында әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген.

Ұлты – қырғыз, Қазақстан Республикасының азаматы.

1992 жылы Лениндік комсомол атындағы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық екі мәрте Қызыл Ту училищесін тәмамдаған.

Еңбек жолын Қапшағай қаласындағы 32363 әскери бөлімінде парашюттік-десанттық взвод командирі болып бастаған.

Әр жылдары Талдықорған қаласындағы 18404 әскери бөлімінің командирі, Астана қаласында ҚР ҚМ ШБК жауынгерлік даярлық пен әскерлер қызметі департаментінің бастығы,  Астана қаласындағы 68665 әскери бөлімінің командирі, бас қолбасшының орынбасары – ҚР ҚК ҚӘ БҚБ ЖДББ бастығы қызметтерін атқарған.

2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымын атқарып келді.

Қазір оқып жатыр

Ыстамбұлда жеті қабатты ғимараттың үшінші қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Ыстамұлда опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп