USD
USD
USD

Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдады

Мемлекет басшысына Конституциялық сот қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.

Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Эльвира Азимованың айтуынша, 2,5 жыл ішінде ведомствоға азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Конституциялық сот судьялары өтініштерді қарау барысында 5 мыңнан аса құқық нормасын зерделеді. Тексеру қорытындысы бойынша 300-ден астам шешім қабылданды. Соның ішінде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан 74 қорытынды қаулы шығарылды. Осылайша, 20 құқық нормасы Конституцияға қайшы деп танылып, 25 құқық нормасына нақты түсіндірме берілді.

Бүгінге дейін заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 41 нормативтік қаулы орындалды. Қазір Конституциялық соттың 19 нормативтік қаулысындағы құқықтық ұстанымдары ескерілген 8 заң жобасы Парламент палаталарында қаралып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтар егжей-тегжейлі құқықтық кеңес алу үшін Конституциялық сот аппараты жанындағы Өтініштерді қабылдау орталығына жүгіне алатыны жөнінде баяндалды. Бұған дейін мұндай консультацияларды мыңнан астам адам алды. Орталықтағы заң консультанттары мен адвокаттар азаматтарға тегін кеңес береді.

Президенттің пікірінше, Конституциялық сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепіл болуға тиіс. Сонымен қатар сот органының құқықтық ұстанымдарын дәйекті түрде іске асыру маңызды.

Қазір оқып жатыр

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау