USD
USD
USD

Президент ҚХА жаңа басшыларына маңызды міндеттер жүктеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Дмитрий Останькович пен Расул Ахметовті қабылдады. 

Президент
Фото: aqorda_resmi

Алматы, NEGE. Кездесу барысында ҚХА-ның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы маңызды рөлі атап өтілді. Мемлекет басшысы бұл бағытта Ассамблеяның мемлекеттік саясатты іске асыруда айрықша орын алатынын жеткізді.

Сондай-ақ Президентке Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы XXXIV сессиясына дайындық барысы мен ҚХА-ның 30 жылдығына орай жоспарланған мерейтойлық іс-шаралар туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған шараларды ұйымдастыруға этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың кеңінен қатысуын маңызды деп санайтынын атап өтті.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы этносаралық қатынастарды дамыту және қоғамдық келісімді нығайту бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі