USD
USD
USD

Президент «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мейіржан Юсупов жыл басынан бері уран өндіру көлемі шамамен 11 мың тоннаға жеткенін және өнімді сату көрсеткіші 8 мың тоннаға жуықтағанын айтты.

Мемлекет басшысына еліміздің минералды-шикізат базасын нығайту және толықтыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар, сондай-ақ ұлттық компанияның геологиялық барлау активтерінің портфелін одан әрі кеңейту жоспары туралы баяндалды.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшысы мекеме өңірлерді әлеуметтік тұрғыдан дамытуға 3,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлгенін жеткізді. Осы орайда су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға да көмек берілген.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау және ресурстық базаны толықтырудың маңызды екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов