USD
USD
USD

Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Президент бұл мерекенің бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше әрі қасиетті екенін атап өтті.

«Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі.

 

Отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын байытып, кемелдікке ұмтылады. Төзімін шыңдап, төңірегіне қамқорлық танытады. Игі істерге ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады.

 

Ата дәстүріміз бен асыл дініміз елдің бірлігін нығайтып, қоғамның берекесін арттыратын игі амалдар жасауға үндейді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы биылғы мерекенің Қазақстан үшін символдық мәні жоғары екеніне тоқталып өтті.

«Биыл Ораза айт мейрамы Наурыз мерекесімен қатар келіп, ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің жаршысына айналды. Мұның символдық мәні зор.

 

Қазақстан халқы жаңа Ата Заңды қабылдап, жарқын болашаққа, Әділеттілік пен Өркендеуге бастайтын жолды таңдады. Конституциялық реформаны жаппай қолдау арқылы ұлт тарихының жаңа парағын ашты.

 

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін! Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Ораза айт қабыл болсын!» – деп тілегін білдірді Президент.

Айта кетейік, бүгін таңертең Қазақстанның барлық мешітінде айт намазы оқылды.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласы туралы заң жобасын әзірлеуде Қытай, Корея және Дубай тәжірбиесі ескерілді

Алатау қаласы

Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады

Жақсылық Омар

Ұлыбритания Қазақстан мұнайын «Транснефть» арқылы тасымалдауға рұқсат берді

Мұнай

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

.