USD
USD
USD

Президент «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына белсене қатысқаны үшін Румен Радевке және болгар кәсіпкерлеріне алғыс айтты.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE/ Мемлекет басшысы аталған іс-шара екі елдің экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді.

– Президент Радевтің Қазақстанға жасаған ресми сапары стратегиялық серіктестігіміздің жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. Бұл – біздің ортақ өркендеу жолындағы ықпалдастығымызға қозғау салады. Отыз жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан мен Болгария арасында берік әрі өзара құрметке негізделген саяси және дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Қазақстан Болгарияны достас ел әрі өте маңызды стратегиялық серіктес санайды. Дегенмен сауда-инвестициялық ынтымақтастықта пайдаланылмаған әлеует жеткілікті. Екі ел арасындағы байланысты жандандыруда Қазақстан-Болгария экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы маңызды алаңға айналады деп санаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы еліміз экономикалық ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашуға дайын екенін жеткізіп, басым бағыттарды атап өтті.

– Бірінші – көлік қатынасы. Қазақстан мен Болгария географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасқан. Еуразияның қақ ортасында тұрған біздің еліміз құрлықаралық байланысты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Еуропа мен Қытай арасындағы құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызы Қазақстан аумағымен өтеді. Орта дәліз инфрақұрылымын дамытудың арқасында, яғни, заманауи теміржолдар, құрғақ порттар мен логистикалық орталықтар сала отырып, Шығыс пен Батыс арасын бұрынғыдан әлдеқайда тиімді жалғаймыз. Былтыр аталған дәліздің бойымен тасымалданған жүктің көлемі 62 пайызға өсіп, 4,5 миллион тоннаға жетті. Бұдан осы бағыттың маңызы арта түскенін аңғаруға болады. 2028 жылға қарай жолдың жүк өткізу мүмкіндігі 10 миллион тоннаға дейін ұлғаяды. Бұл бағыт арқылы тасымалданатын жүк көлемін арттыруға ниеттіміз және Қара теңіздегі негізгі логистикалық орталық – Бургас портының Орта дәлізге қосылуын құптаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітіне қандай айыптар тағылған?

сот

Пластик есік-терезе орнатқан: Маңғыстауда жартасты мешітті бүлдіргендер іздестіріліп жатыр

Қапам ата мешіті

Жазда Астанадан Балқаш, Үржар бағытында арзан рейстер ашылады

әуе рейстері

Жақсылық Омарға шығарылған үкім өзгеріссіз қалды

Жақсылық Омар