USD
USD
USD

«Президент қай банк екенін әдейі айтпады»: Ақорда 7 трлн теңгеге қатысты пікір білдірді

Ақорда қазақстандық банктердің бірі арқылы сыртқа 7 трлн теңге қаржы транзакцияланғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 

Қазақстан президенті
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалған ақпарат таратпайтынын мәлімдеді.

«Егер ол 7 трлн теңге көлемінде транзакциялар (қаражат аудару) болғанын айтса, демек, солай болған. Негізінен, бұл ақпарат Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен кеңеске қатысушыларға арналған болатын», – деді Смадияров.

Смадияровтың айтуынша, президенттің мұны жалпы жұртшылықтың талқылауына салу ойында болмаған. Яғни, ол мұны тек қызметтік сипатта айтқан. Ал транзакцияларды өткізген банк әңгіменің  өзі жайында екенін біліп отыр.

«Президент саяси мақсат пен дипломатиялық протокол талаптарын ескере отырып, транзакциялық қаражаттың қай елден шыққанын, оның қандай мемлекетке кеткенін, сондай-ақ санкциялық режим белең алып тұрған жағдайда осындай әрекетке барған қай банк екенін де әдейі айтпады», – деді президенттің баспасөз хатшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов BES.media-ға берген сұхбатында президент атаған 7 трлн теңге міндетті түрде заңсыз шығарылған қаражат емес екенін айтты. Оның пікірінше, бұл сома банктердегі жалпы ақша айналымының көлемі болуы мүмкін. Ол бұған күн сайын екі адамның бір-біріне ақша аударып отырғанын мысалға келтірді. 

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы: сарапшылар нені ерекше атап өтті?

.

​Ташкентте 578 мың долларлық заңсыз криптосауда жасады деген 17 жастағы жасөспірім ұсталды

күдікті өзбек азаматы

КҚК терминалында мұнай тиеу тоқтатылып, Қазақстанда өндіріс көлемі уақытша азайды

.

«ВНЖ-мен мәселесі болған»:Украиналық комик Сабуров туралы пікір білдірді

интервью