USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса мен ОАР халқына ұлттық мереке — Бостандық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Жеделхатта Президент Оңтүстік Африка Республикасының саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыған елге айналғанын, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесі ретінде орныққанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілуіне сенім білдірді. Сонымен қатар, Сирил Рамафосаға жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табыс, ал ОАР халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті