Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы экономикалық қатынастарды дамытуға тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Қатар Үкіметі мен Қатар кәсіпкерлері қауымдастығына алғыс айтты.

қазақ-қатар
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, әлем бұрын-соңды болмаған сын-қатерге тап болған қазіргідей кезде саяси ерік-жігер мен экономикалық белсенділікті ұштастыру өте маңызды.

– Бүгін мен Қатар елінің басшылығымен нәтижелі кездесу өткіздім. Біз түрлі сала бойынша уағдаластықтарға қол жеткіздік және елдеріміздің үкіметтеріне оларды жүзеге асыру үшін тығыз байланыста жұмыс істеуді тапсырдық. Менің сапарым біздің көпжақты қатынастарымызды одан әрі нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенімдімін. Жоғары Мәртебелі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің басшылығымен Қатар зор табысқа жетті. Көптеген ел сіздерден үлгі алады. Сіздердің ғажайып елдеріңіз – экономикасы қарқынды дамыған, тұрмыс деңгейі жоғары, қоғамы өркендеген мемлекет ретінде танымал. «Қатар – 2030» ұлттық бағдарламасында жаңғыру мен ұлттық құндылықтар өзара нақты әрі ерекше үйлесім тапқан. Барша қатарлық достарымызға осынау игі мақсатқа жету жолында табыс тілеймін, – деді Президент.

Қазір оқып жатыр

Археолог Андрей Астафьев: ​Ғалымдар ғылымнан бұрын күнкөріс қамын ойлауға мәжбүр

Археология

Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады

Оңтүстік Корея

Үй жануарын асырай алмайтын жағдайда, иесі оған жаңа орын тауып беруге міндеттелмек

Ит

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін заңгер өз әйеліне зәбір көрсеткен

Тұрмыстық зорлық-зомбылық