USD
USD
USD

Президент Израиль Мемлекеті Кнессетінің Төрағасы Амир Охананы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Израиль Парламенті спикерінің Қазақстанға сапары қазақ-израиль қарым-қатынасын нығайтуға екі елдің де бейіл екенін растайды.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың перспективасын қарастыру тұрғысынан бұл сапардың мәні зор деп санайды. Кездесуде сауда-экономикалық серіктестікке баса назар аударылды. Сонымен қатар су ресурстары саласындағы кооперация мәселесі талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Израильде жасалған озық технологияларға жоғары баға беріп, еліміз аталған бағытта серіктестік орнатуға әзір екенін растады.

Амир Охана қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Ол екі елдің көпжоспарлы байланыстарының табысты дамып, ықпалдастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашып келе жатқанына тоқталды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты