USD
USD
USD

Президент Иранның көрші елдерге шабуыл жасаудан бас тартуын құптады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау жөніндегі шешімін құптады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

.
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Қазақстан Президентінің пікірінше, мұндай қадам Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге және аймақтағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды бастама.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран Президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Масуд Пезешкиан Иран тарапынан шабуылға ұшыраған көрші мемлекеттерден жария түрде кешірім сұраған болатын. Сондай-ақ бұдан былай Иран көрші мемлекеттерге шабуыл жасамайтынын және оларға қарсы зымыран ұшырмайтынын,  олар өздері шабуыл жасаған жағдайда ғана жауап қайтарылуы мүмкін екенін жеткізді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы елшілігіне барып, қайғылы оқиғалар салдарынан аталған елдің рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменеидің, мемлекет басшылығы өкілдері мен бейбіт тұрғындардың қайтыс болуына байланысты Иран халқына көңіл айтты. 

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы